×

Ұлытаулық ұстаз оқушылармен бірге «Багги» көлігін құрастырды (ВИДЕО)

Спорттық көлік небәрі екі айда дайын болған

 Динара Амантай 22.06.2023 | 16:02
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ұлытау ауданы оқушылар үйінің «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Қазбек Мұқанов мектеп оқушыларымен бірге «Багги» көлігін құрастырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сағатына 50-60 шақырым жылдамдықпен жүретін жер талғамайтын «Багги» әр техника құралдарынан жиналған. Бұрылыс механизмі ВАЗ-2109 машинасынан, доңғалақтары квадрацикл, моторы мотоциклден алынған. Дыбыс сингалы, фарлары бар. 

Бұл көлік туристтерге таптырмайтын көлік, – деді Қазбек Мұқанов.

Үйірме жетекшісінің айтуынша, «Багги» Ұлытау тауларын аралауға ыңғайлы, жанармайды да көп қажет ептейді.

Бұған дейін оқушылар шағын модельдермен айналысып, машина, ұшақ жасап жүрді. Былтырғы оқу жылында веломобиль жасап, оқушылармен бірге моторлы машина құрастыруды ойға алған болатынбыз. Дәнекерлеу жұмыстарын өзім жасадым. Оқушыларым Темірлан Серік, Шерхан Қуаныш пен Ерсұлтан Боранбай детальдарын құрастырып, бояуға көмектесті, – деді үйірме жетекшісі Қазбек Мұқанов.

Қазбек Мұқанов пен оқушылар «Багги» спорттық көлігін екі айда құрастырып шыққан. Ықшам әрі ыңғайлы техника көптің қызығушылығын тудырып, «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесіне жазылуға ниетті ер балалар қатары артқан. Ұлытаулық ұстаз шәкірттерін техникаға баулып қана қоймай, осы істі дамытып өңір туризміне де үлес қосуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама