×

Төреғали Төреәліге қатысты жаңа үкім шықты

Енді әнші 23 күн қамауда болады

 Халық үні 21.06.2023 | 19:48
Фото: әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әнші Торегали Төреәлі тағы бірнеше күнге қамалатын болды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың мәліметінше, әртіс ӘҚтК 613-бабының 1-бөлігі «Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бойынша жауапкершілікке тартылған. Іс сотқа 16 маусымда түсті, бүгін 21 маусымда қаралды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама және істің өзге де материалдары дұрыс рәсімделген. Тұлғаны жауапкершілікке тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар анықталған жоқ. Өтінімхаттар мен шағымдар түскен жоқ. Іс бейнебайланыс арқылы қаралды.  

«Істің материалдарын қарап, сот 14 маусымда Алиханов (Төреғали Төреәлінің тегі) мемлекеттік тіркеу нөмірі 111 ALI 11  Lexus LX570 маркалы көлігін есірткіге мас күйінде жүргізгенін анықтады. Майлин көшесімен солтүстік бағытта  келе жатып, ол патрулдік полицияның көлікті тоқтату туралы талабын орындамаған», - делінген сот хабарламасында.

Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, 3 күнге қамау туралы әкімшілік жаза тағайындалды. Осы бап бойынша 40 АЕК айыппұл салу немесе 3 күнге дейін қамау қарастырылған. Енді әнші 23 күн қамауда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама