×

Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

Португалияның футболшысы ұлттық құрама сапында 200-матчын өткізді

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 17:43
фото: ашық дереккөз

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландия командасымен ойында ұлттық құрама сапындағы 200-матчын өткізді. Осылайша, ол  Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол Кувейт футболшысы Бадер әл-Мутавадан (196) төрт матч көп ойнаған. 

Роналдуға кездесу басталар алдында  200-матч өткізген әлемдегі алғашқы футболшы деген сертификат табыс етілді.  Осы ойында ол жалғыз голды салып та көзге түсті.

Роналду Португалия құрамасы сапында 2003 жылдан бері ойнайды. Содан бері ұлттық команда жейдесінде 122 гол салып, 43 ассист жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама