×

Арыстанбек Мұхамедиұлының баласы сотта жанжал шығарды (ВИДЕО)

Экс-министрдің ұлы «позор» деп бірнеше рет айғайлады

 Халық үні 20.06.2023 | 21:53

8 жылға сотталған бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының баласы сотта жанжал шығарды. 

Сот үкімі жарияланғаннан кейін Мұхамедиұлының баласы Дінмұхамед қарауыл жасақтың әкесін сот залынан алып шығуына кедергі келтірмек болды.

Тәртіп сақшысы жігітті итеріп жібергені сол еді, ол әкесінің ісі тапсырыспен жасалған деп айқайлай бастады. Экс-министрдің ұлы «позор» деп бірнеше рет айғайлады. Алайда, қарауыл жасақ әкесі мен баласын бір-біріне жолатпай, арашалап алды. 

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама