×

Мемлекет басшысы Ақордада Германия президентін қарсы алды

Екі елдің кәсіпкерлерінің бизнес форумы болды

 Динара Амантай 20.06.2023 | 10:47
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германияның президентін қарсы алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ақорда» резиденциясында Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берген соң, Қазақстан мен Германияның әнұрандары орындалды.

Айта кетсек, Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. ГФР басшысы Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.

Сондай-ақ Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама