×

Ақтөбе облысында пойыз 25 бас малды соғып кетті

20 ірі қара тіл тартпай кеткен

 Дәурен Ерболат 20.06.2023 | 09:14
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында пойыз соққан малдың иесі жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға Сарысай – Хромтау темір жолында болған. Жүк пойызының машинисі жолдан өтіп бара жатқан малдарды көріп, шұғыл тежегішті басқан. Осыған қарамастан пойыз 25 бас малды соққан. 20 мал өлген.

Жүк пойызы 10 минут тоқтауға мәжбүр болды. Қандыағаш станциясында малдың иесі кім екені анықталды. Ол  64 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты. Оған мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК (17 250 теңге) айыппұл салынды

Жыл басынан бері машинистер 670 рет шұғыл түрде тежегішті басуға мәжбүр болған. 386 жағдайда жолда мал кездескен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама