×

Өртенген орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек – министр жауабы

Қарағайлы орманды қалпына келтіру өте қиын

 Дәурен Ерболат 19.06.2023 | 17:44
фото: ТЖМ

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы алапат өрттің салдарын жою үшін қанша уақыт керегін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

БАҚ өкілдері Экология министріне «Абай облысындағы алапат өрттен қанша гектар орманды жоғалттық? Оны қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек?» деген сұрақ қойды.

Қазір шамамен 60 мың гектар деп отырмыз (өртенген орманның аумағы – авт.). Бұл – өртті оқшаулаған кездегі жағдай. Мұны атап өту керек. Өртті толық жою туралы айту әлі ерте. Себебі, алдағы 2 апта ішінде өртті толық жою үшін ауқымды жұмыс жүргізіледі деп ойлаймын, – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ министр орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт керегін айтты.

Өрттен кейін әдетте қызметтік тергеу жүргізіледі. Алайда жалпы өрттің салдарынан жою бойынша бірінші кезектегі шаралар 3-4 жылды қамтиды. Бұл түтіннің иісін жою және тағы басқа. Орманды қалпына келтіру өте қиын. Себебі, ол құмды жер. Қарағайлы орманға 100-120 жыл болған. Сондықтан оны қалпына келтіру үшін өте көп уақыт керек. Мұнда біз бір-екі жыл туралы емес, ондаған жыл туралы айтып отырмыз, – деді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін экобелсенді Сәкен Ділдахмет Семей орманын қалыпқа келтіру үшін кем дегенде 100 жыл кететінінін айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама