×

Еңбекмині зейнетақының шекті сомасына қатысты ақпарат таратқан қызметкеріне тәртіптік жаза қолданды

Министрліктің ресми сайтында жарияланған кешегі ақпарат алынып тасталды

 Халық үні 08.12.2021 | 11:19
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 7 желтоқсанда таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде Еңбекминінің құзыретіне қатысты бұрыс ақпарат берілгенін хабарлады. Осы баспасөз релизін Еңбекминінің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада орналастырған қызметкерге тиісті тәртіптік жазалау шаралары қолданылды.

Министрлік таратқан баспасөз релизінде зейнетақы жүйесі саласындағы саясатты іске асыру, соның ішінде министрлік әзірлеген әдістеменің негізінде жеткілікті шекті есептеу жұмысына БЖЗҚ жауапты екені, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ондай құзірет жоқ екені айтылған еді.

Еңбекминінің ресми ұстанымы өзгеріссіз қалады. Министрлік - зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші, - деп кешегі ақпаратын түзетті.

Ведомствоның хабарлауынша, 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес, зейнетақы жинағына қатысты жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі - күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның өзгеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеуге әкелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама