×

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді

 Динара Амантай 18.06.2023 | 09:35
Фото: bugin.kz

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, – деп жазды Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама