×

Көкшетауда бәйгеден ел біріншілігі өтті

Турнир Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «Бәйге» федерациясының ұйымдастырумен өтті

 Халық үні 17.06.2023 | 19:18
Фото: «Бәйге» федерациясы

Бүгін Көкшетауда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтті.

Турнир Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «Бәйге» федерациясының ұйымдастырумен өтті.

Жарысты тамашалауға Ақмола облысының бәйге сүйер қауымнан бөлек, ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев пен республикалық «Жамбы ату» федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов арнайы келді.

Жүлде қоры – 20 миллион теңгеден асатын турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 56 шабандоз қатысып, «Құнан бәйге 9 шақырым», «Топ бәйге 15 шақырым», «Аламан бәйге 22 шақырым» бойынша сайысқа түсті.

Жарыстың қортындысына келер болсақ.

«Құнан бәйге» бойынша:

1-орын – Ділнұр Нұрмұқаш (Алматы облысы);

2-орын – Мырзахмет Шыныбек (Жамбыл облысы);

3-орын – Мардан Жанболат (Қарағанды облысы).

«Топ бәйге» бойынша:

1-орын – Бекзат Ділдәхан (Алматы облысы);

2-орын – Ділнұр Нұрмұқаш (Алматы облысы);

3-орын – Олжас Айтбай (Қостанай облысы).

«Аламан бәйге» бойынша:

1-орын – Хамза Марланұлы (Жетісу облысы);

2-орын – Исламнұр Ертөс (Астана қаласы);

3-орын – Асланбек Әбдіқал (Астана қаласы).

Сайысты ұйымдастырушылар жеңімпаздарға бағалай және қаржылай жүлделер табыстады. Сонымен қатар, көрермендер қыз-келіншектер арасында өткен «Ұлттық киім – ұлт ажары» атты ұлттық киімдер байқауын да тамашалап тарқасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама