×

Қызылордада 20 жылға сотталған ер адам түрмеде некесін қиды

Былтыр бас бостандығынан айырылған 31 адам көңіл қосты

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 12:10
фото: polisia.kz

Қызылорда қаласында қарақшылық және адам өлтіру қылмысы бойынша 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат сүйіктісімен көңіл қосты.

Міне, заңды некеге тұрдым. Некелесіп отырған жарымды бостандықта жүрген кезден бері білемін. Екеуміз некемізді қиюға келісті, – деді жазасын өтеуші азамат.

Мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуовтің айтуынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Ал өткен жылдың өзінде 31 азамат некесін заңдастырған. Сотталған азаматтардың отбасылы болып, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам деп жақсы жаққа өзгеруге тырысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама