×

Төреғали Төреәлі ауруханаға түсті

Бұл туралы өнер иесінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің instagram-сторисінде айтты

 Халық үні 15.06.2023 | 19:45
Фото: адвокат ұсынған фото

Әнші Төреғали Төреәліге медициналық көмек қажет болып дереу ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы өнер иесінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің instagram-сторисінде айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

«Әншіге медициналық көмек қажет болып, ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ол instagram-сторисінде.

Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр. 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама