×

«Эйр Астана» Израильге әуе рейстерін ашады

Ұшақтар аптасына екі рет ұшады

 Динара Амантай 15.06.2023 | 12:19
Фото: airlinecustomercare.com

«Эйр Астана» Израильге әуе рейстерін ашады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан әуе компанияларының ұшатын бағытын кеңейту және халықаралық рейстер санын көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Биыл 7 қыркүйектен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясыныңAirbus 321 үлгісіндегі ұшақтарын аптасына екі рет  (бейсенбі және жексенбі)  Алматыдан  Израильдің Тель-Авив қаласына ұшатын болады. 

Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама