×

Ақтөбеде 19 жастағы студент қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Бойжеткен көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап, көж жұмған

 Халық үні 14.06.2023 | 23:32
фото: astana.tv

Ақтөбеде 19 жастағы қыздың жұмбақ өліміне қатысы бар күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Оған енді екі бірдей баппен айып тағылып отыр.

Айта кетейік, бойжеткен көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап, қаза тапқан. Полиция бұл оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғаған. Бірақ марқұмның жақындары онымен келіспейді. Қыздың өзін өлімге қиюы мүмкін емес, ол біреулерден зорлық көрген болуы мүмкін дейді.

«Ақтөбе қаласы ПБ 1 қалалық полиция бөлімімен ҚР ҚК 105 бабы, өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу және ҚР ҚК 1 бөлігінің 120 бабы зорлау бойынша қылмыстық істерді тіркеді. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жалғасуда. Күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді қалалық полиция басқармасының орынбасары Ерболат Масақбаева.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын қыздың денесі көпқабатты үйлердің ауласында табылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама