×

«Реал» ма, «Әл-Иттихад» па?: Мбаппе жаңа клубты таңдады

ПСЖ футболшыны трансферге шығарды

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2023 | 17:32
фото: ашық дереккөз

«Пари Сен-Жермен» клубының бұрынғы шабуылшы Килиан Мбаппе жаңа клубты таңдады. Le Parisien басылымының хабарлауынша, ол Мадридтің «Реал» командасына ауысуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, ПСЖ Мбаппені сататын болып, футболшыны трансферге шығарды. Франция ұлттық командасының форварды париждік клубпен келісімшартты 2025 жылға дейін ұзарта алғанымен, ПСЖ құрамында ойнағысы келмейтінін айтты.

Мбаппеге Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубынан да ұсыныс келуі мүмкін деген дерек бар. Бұл жасаққа жақында «Реалдың «экс-шабуылшысы Карим Бензема ауысқан болатын.

Киллин Мбаппе ПСЖ сапында биылғы маусымда 43 матч өткізіп, 41 гол салды. 10 рет нәтижелі пас берді. Ол Париждің командасына 2017/18 жылғы маусымда «Монако» клубынан ауысып келген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама