×

Шымкентте жол апаты салдарынан көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

7 адам ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 14.06.2023 | 12:37
Коллаж: azattyq-ruhy.kz

Шымкентте жол апаты болып, салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 19:15 шамасында Абай АПБ-на қарасты Шым-сити мөлтек ауданында жол-көлік оқиғасы болған. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері барды.

Белгілі болғандай, Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі атауы жоқ көше қиылысында екінші дәрежелі жолда бола тұра, басты жолмен келе жатқан Toyota Camry және Opel Vectra көліктеріне соқтығысқан. Салдарынан әртүрлі дене жарақатымен 3 жүргізуші және 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Адам шығыны жоқ.

Mercedes Benz толықтай өртеніп кетті. Қалған екі автокөлік зақымдалды. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Алдағы уақытта, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама