×

Алматыда курьерден тапанша мен оқтар тәркіленді

Қарумен жүрген адамның біреуі бұрын сотталған болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2023 | 11:29
фото: polisia.kz

Алматы полициясы курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіледі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жергілікті полицейлер 44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ-дәрі тәркілеген. Ол Талғар күре жолындағы полиция экологиялық бекетінде ұсталған. Оның жанында тағы бір адам болған.

Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріковтің айтуынша, 44 және 41жастағы азаматтардың құжаттарын тексеру кезінде курьерлік сөмкелерінен Grand Power тапаншасы мен 17 оқ табылды. Тексеру кезінде газды тапанша мен травматикалық оқтардың ұрланғандығы белгілі болды.

Аталған дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған болып шықты.

Қазір тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама