×

Ресейде Қазақстанның жекпе-жек шебері алаң иесін нокаутқа түсірді

Жасұлан Әкімжан Амирлан Амировты қалың «ұйқыға» жіберді

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 12:14
фото: ашық дереккөз

Жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан (10-2) Ресейдің Санкт-Петербур қаласында өткен «Наше Дело» лигасы Гран-при додасының ширек финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық күрес шебері ресейлік Амирлан Амировты (5-5) бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

Жасұлан Әкімжанның айтуынша, енді ол осы Гран-приді жеңіп алса, UFC-мен келісімшартта жасасуға талпынып көреді. 

Қазір Шавкат Рахмоновтың арқасында UFC-мен келісімшартқа отырған қазақ жігіттері көбейіп жатыр. Осы ұйыммен екі адам келісімшарт жасасты. Сондықтан маған да UFC-дің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Қазір біздің қазақтар октагонда өздерін көрсетіп жатыр. Олар соған қызығып қарайды. Яғни, шетелдіктерге біздің жігіттердің жекпе-жектері ұнайды. Оған Шавкат дәлел. Мысалы, ол бәрін жеңіп жатыр. Соны біліп, шетте қалеғым келмейді. Мен де өзімді көрсеткім келеді. Сол үшін ағылшын тілін де үйреніп жатырмын. Мен «Наше Дело» лигасымен келісімшартқа отырғанмын. Енді соның Гран-приін жеңсем, рейтингте жақсы орын аламын деп ойлаймын. Қазір мен 65 пен 70 келіде төбелесіп жүргеннен кейін рейтингтегі орным да нақты болмай жүр, – деді ол.

Енді Жасұлан Әкімжан жартылай финалда Наби Ашурлаевпен октагонға шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама