×

Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, дейді Назарбаев

 Халық үні 10.06.2023 | 23:39
фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың  өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, делінген ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында.

«Ол аса жауапты қызметтерде, соның ішінде бірнеше облыстардың әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлға. Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, беделді ұйымдастырушы, жоғары адамгершілік қасиеттерімен, биік парасатымен ерекшеленетін азамат еді», - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама