×

Абай облысындағы өрт: Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары кейінге шегерілді

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді

 Халық үні 09.06.2023 | 23:23
Фото: akorda.kz

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланғаны хабарланды.

«8 маусым күні сағат 12:03-те Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады , оған себеп «Семей Орманы» мемелекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмады. Өрт орман шаруашылығы орналасқан жерден қашықтығы 11 шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы 20 гектарды құрады. Жоғары температура мен қатты желдің салдарынан өрт 2 сағаттың ішінде 200 гектар аумақты шарпыды», - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Бүгін орман өртін сөндіруге кеткен 14 орманшының 3-еуі қаза тауып, 11-і хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама