×

Қостанай халқы белгілі спортшыны соңғы сапарға шығарып салды

Гимнастикадан бірнеше дүркін ел чемпионы Аян Молдағалиев қайтыс болды

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2023 | 16:41
фото: Instagram.com

Бүгін Қостанай қаласында 22 жастағы дарынды спортшы, гимнастикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Аян Моладағалиевті жерлестері ақтық сапарға шығарып салды.

Қаралы хабарды Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жеткізді. 

Аян Молдағалиев 2007 жылы үлкен спортқа келіп, жарыстарға қатысып, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Ол халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп, кәсіпқой маман екенін дәлелдеді.

Ол 2018 жылы Индонезияда жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сонымен бірге, 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиялық ойындарға қатысып көрді.  

Аян Молдағалиев ұлттық құрама сапында да өнер көрсетті. Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама