×

Астанада жүкті әйелді құтқарған полицей қамауға алынды

Қазір ол 2 ай мерзімге қамауға алынды

 Халық үні 08.06.2023 | 19:54
фото: видеодан скриншот

Үш жыл бұрын жүкті әйелді құтқарып, марапат алған елордалық полицей Алмаз Құлтанов қамауға алынды, деп хабарлайды tengrinews. 

8 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алмаз Құлтановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Айта кетейік, 2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді.

Полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте болған кезінде сағат 12.20 шамасында «Рамстор» СҮ ауданы маңындағы Есіл өзенінің көпірінен секірген әйелді көрген. Құлтанов ойланбастан оның артынан секірген. Ал кейін ІІМ басшысы жүкті әйелді суицид жасаудан құтқарған полицейлерді марапаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама