×

Президент Халықаралық валюта қорының жұмысына баға берді

Мемлекет басшысына қордың жоспары таныстырылды

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2023 | 10:45
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесті.

Президент Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.

Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты іске асып келеді. Ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіздің елеулі екені анық, – деді мемлекет басшысы.

Кездесуде президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Қордың Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама