×

Президент Shell компаниясының басшысымен кездесті

Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

 Динара Амантай 07.06.2023 | 15:15
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларында іске асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

Айта кетсек, Shell – энергетика және мұнай-химия саласындағы компаниялардан құралған, 70-тен аса елде 80 мыңнан асатын қызметкері бар жаһандық концерн. Компания озық технологияларды және жаңашыл әдістерді пайдаланып, тұрақты энергия болашағын құруға үлесін қосып келеді. Биыл Shell концернінің Қазақстан Республикасындағы табысты қызметіне 30 жыл толды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама