×

Депутаттар «Масс-медиа туралы» заң жобасын қарауға кірісті

Құжат аясында заңға толықтырулар мен түзетулер енгізіледі

 Дәурен Ерболат 07.06.2023 | 14:31
фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» заң жобасын қолға алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасы Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленгенін атап өтті.

«Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 кодекс пен 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы жобаларды жұмысқа алуға дайын, - деді ол.

Мәжіліс депутаттары дауыс бәру нәтижесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Масс-медиа туралы» заң жобасын қолға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама