×

Елордада қазақстандық суретшілер қаламынан шыққан алғашқы NFT-көрме өтеді

Қазақстанның IT-қауымдастығы криптовалюталарды талқылау үшін жиналмақ

 Айнұр Шошаева 21.04.2022 | 16:47
көрнекі фото: cryptovot.com

2022 жылдың 26 сәуірінде мемлекеттік сектор және IT-қауымдастықтың жетекші өкілдері, венчурлік қорлар мен бизнес-акселераторлар басшылары Digital Business Day 2.0 форумында бас қосып, Қазақстандағы криптоиндустрия мен инновациялық технологиялар дамуы жайлы әңгіме қозғайды.

Форумды стартаптар және инвесторларға арналған «Crowdsale Network» халықаралық платформасы мен Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы ұйымдастырады. Бас демеуші – ByBit криптовалюта биржасы.

Форум мақсаты – IT-қауымдастық пен бизнес өкілдерін, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік секторды еліміздегі жоғары технологиялардың алдағы дамуын талқылау үшін біріктіру.

Digital Business Day 2.0 жыл сайынғы форумның негізгі тақырыптық бағыттары - Blockchain, IoT, Big Data, Artificial Intelligence, AR/VR, Digital Marketing, FinTech, StartUp және т.б.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы төрағасы Исламбек Салжанов, Эстонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тоомас Тирс, Astana Hub басшысы Мағжан Мадиев, MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов, BTS Digital бас директоры Нұртай Абилгалиев сияқты тұлғалар Қазақстандағы IT-сектордың дамуы туралы пікірін айтады.

Digital Business Day 2.0 жыл сайынғы форумы аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • қазақстандық суретшілер қаламынан шыққан бірінші NFT-көрме;
  • IT-стартаптар байқауы;
  • қазақстандық IT-компаниялар көрмесі.

Форум соңында қатысушыларға ірі компаниялар және венчурлік қор басшыларымен бизнес идеясын талқылауға және көкейіндегі сұрақты қоюына мүмкіндік беріледі. Ал, сатылған билеттерден түскен қаражаттың 10% «Жас жауынгер» ерекше балаларды қолдау қорына тапсырылады. Келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтуге болады.

АНЫҚТАМА:

«Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2021 жылғы 3 ақпанда құрылған. Қауымдастықтың мақсаты Қазақстанда блокчейн технологиялар индустриясының дамуына жәрдемдесу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама