×

Шымкенттегі ұстау пунктінде ит-мысық қырылған: еріктілер дабыл қақты (ВИДЕО)

Олар аштықтан, қараусыз қалғаннан өлген, - дейді

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2023 | 11:36
фото: ашық дереккөз

Шымкентте еріктілер дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, уақытша ұстау пунктінде қараусыз қалған үй жануарлары аштан өле бастаған. Бұл туралы Еуразия бірінші телеарнасы хабарлады.

Жануарларды қорғаушылар қораптардан ит-мысықтардың өлекселерін тапқан. Олардың пікірінше, жануарлар аштықтан, қараусыз қалғаннан қырылған. Әрі ұстау пунктінде санитарлық талаптар сақталмайтын көрінеді.

Ұстау пункті қызметінің өкілдері жануарларға күтім жасалып, тамақтандырылғанын айтады. Алайда 9 ит пен 14 мысық айықпас індетке шалдыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама