×

Түркістан облысында құтқарушылар су қоймасынан адамдарды құтқарды

Демалуға барған бір топ адам қайықтан аударылып қалған

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2023 | 11:58
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркістан облысында құтқарушылар Шардара су қоймасынан 3 адамды құтқарды. Құтқарушылар оқиға орнына барғанда қайықтары аударылып, судың ортасында қалып қойған адамдарды жағаға алып шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқару жұмысына Түркістан облысының жедел құтқару жасағы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазір құтқарылғандардың жағдайы қалыпша, медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген хабарламада.

Кеше сағат 18:18-де Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде жағадан 30-40 метр қашықтықта Алматы қаласынан демалуға барған 2002 жылы туған жігіттер де құтқарылған болатын. Олар жағадан алыс жүзіп, судың жағасына жете алмаған.

Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы дер кезінде жастарды жағаға алып шыққан. Оларға да медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ал Абай облысында ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама