×

Абай облысында 5 жасар қыз суға батып кетті

Ол ата-анасының қарауынсыз қалған

 Динара Амантай 06.06.2023 | 09:49
Фото: smi24.kz

Абай облысында ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Бесқарағай ауданындағы Стеклянка ауылында бала Ертіс өзеніне батып кеткен. 2008 жылы туған қыз ересектердің қарауынсыз қалып, суға шомылуға арналмаған жерде шомылу кезінде батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін шығарып алды.

Ведомство өкілдері су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама