×

Қостанайда бір пәтерден 9 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Күдікті алтын бұйымдарды да қалтасына басқан

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2023 | 13:25
фото: ашық дереккөз

Қостанайда бір пәтерден 9 миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдар ұрланды.

Күдікті үй иелері болмаған кезде пәтерге кіріп, 8,9 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап әкеткен. Алайда ол ізін суыта алмады. Қостанай қаласының ПБ қызметкерлері криминалдық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірге күдіктіні анықтап, одан ұрланған қаражат пен алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі.

Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама