×

Абай облысында жалған чекпен сатушыны алдаған әйел ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.06.2023 | 10:30
Фото: az.sputniknews.ru

Абай облысында жалған чекпен сатушыны алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Орталық ПБ кезекші бөліміне қаланың коммерциялық қызметпен айналысатын 40 жастағы тұрғыны жүгініп, қаладағы сауда үйлерінің бірінде тауар алғаннан кейін тұтынушы төлемінің шотқа түспегендігін хабарлаған. Жауап алу барысында 34 жастағы әйелдің төлем түбіртегін қолдан жасап көрсетіп, сатушыны алдап және сенімін асыра пайдалану арқылы 17 мың 500 теңге тұратын джинсы шалбарын иеленгені анықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама