×

Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасынан 14 жасар баланың мәйіті табылды

Қазіргі уақытта 14 жастағы баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Халық үні 04.06.2023 | 06:29
Фото: 24.kz

Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағасынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні Өскемендегі Протозанов көшесінің бойындағы Үлбі өзенінің жағасынан жасөспірімнің мәйіті табылған.

«Хабар түсе салысымен полиция қызметкердері сол жерге келіп жетті. Қазіргі уақытта 14 жастағы баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталуда», - делінген ақпаратта.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім суицид жасауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама