×

Ақтөбеде 10 жасар бала суға батып кетті

Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді

 Халық үні 02.06.2023 | 23:56
фото: gov.kz

Ақтөбеде 10 жастағы бала ойнап жүріп, суға түсіп кеткен. Оны сүңгуірлер алып шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті. 

Оқиға кеше сағат 18:26-да тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданы Айболит бау-бақша ұжымы ауданында баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түсті.

«Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша 10 жастағы бала ата-ананың қарауынсыз қалып, ойнап жүріп құлап кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19:05-те 10 жастағы ер баланың денесін судан шығарды. Оның үстінде киімі болған», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама