×

Даниал Ахметов әлемде теңдесі жоқ орталық ашылатынын айтып мақтанды

Онда емделудің орташа бағасы – 30 мың доллар

 Дәурен Ерболат 01.06.2023 | 15:52
Фото: ОКҚ

ШҚО-да жаңа гематологиялық орталық салынады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлады Altaynews.kz.

Бұл – әлемдік деңгейдегі нысан. Ол Орталық Азиядағы жалғыз нысан болады. Молдова шекарасынан Тынық мұхитына дейін ондағы стандарттар мен жабдықтар теңдесі жоқ болады. Біз бүгін тиісті мамандарды дайындап жатырмыз, - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, медициналық орталықта емделудің орташа бағасы – шамамен 30 мың доллар.

Облыс әкімі науқастар Түркияда, Үндістанда және Еуропада ем іздейтінін, бірақ онда тиісті жағдай жасалмағанын атап өтті.

Жақсы орталық тек Беларусьте бар. (Ғимаратты пайдалануға берсек, – автор) біз ШҚО мен Қазақстанда сұранысты қамтамасыз етіп, медициналық туризмді дамуына жол ашамыз, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы гематологиялық орталықтың құрылысы 2025 жылға дейін бітуі керектігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама