×

Козачков өзі қамауда болған колония туралы фильм түсіргісі келеді

Оның айтуынша, қазір мұнда 18-25 жас аралығындағы қыз-жігіттер жазасын өтеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2023 | 10:47
фото: Козачковтың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Журналист Михаил Козачков өзі отырған колония туралы фильм түсіргісі келетінін айтты.

Менің артымда – Алматы қаласының тергеу изоляторы. Бұл жерде мен қыс бойы қамауда болдым. Жаңа жылды шампан мен оливье салатынсыз қарсы алдым. 18 ақпанда мені қамаудан босатып, бостандыққа шығарды. Енді міне, мен тағы осы жерге келіп тұрмын. Ондағы мақсатым – колония туралы фильм түсіру, – деді ол.

Оның айтуынша, қазір колонияда 5-6 мың есірткі таратқан жастар отыр. Олардың көбі – ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған 18-25 жас аралығындағы қыз-жігіттер.

Шынын айтқанда, сотталған жастар не істегендерін жете түсінбейді. Сондықтан менің фильмімді көрген басқа да жастар есірткіге жоламайды деп ойлаймын, – деді журналист.

Еске сала кетсек, Михаил Козачков 3,5 жылға шартты түрде сотталған болатын. Былтыр 18 желтоқсанда оны Қаржы мониторингі агенттігі Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікпен ұстаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама