×

Лионель Месси ПСЖ клубынан кетеді - БАҚ

Биылғы маусымда ол 31 матчта 16 гол салып, 16 нәтижелі пас берді

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2023 | 12:36
фото: ашық дереккөз

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубымен келісімшартты ұзартпайтын болып, футбол маусымының соңында командадан кететінін ескертті.

Бұл туралы әлеуметтік желіде инсайдер Фабрицио Романо айтты, деп хабарлады championat.com

Инсайдердің айтуынша, футболшы мен ПСЖ клубының басшылығы бір келісімге келе алмаған.

Бұған дейін де көп рет Мессидің Франция клубынан кететіні туралы айтылып келген еді. Енді мәселе түбегейлі шешілшен сияқты, – деді ол.

Еске сала кетсек, Месси ПСЖ клубында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда ол Францияның чемпионы атанды.

27 мамырда Месси «Страсбургтің» қақпасына гол салғаннан кейін ПСЖ ойынды тең аяқтады. Тең ойын «Пари Сен-Жермен» жасағына чемпиондық атақты алдын ала жеңіп алуға мүмкіндік берді.  

Қолда бар мәліметке қарағанда, енді ол «Барселона» клубында немесе Сауд Арабиясының командаларының бірінде ойнауы мүмкін.  

Месси осы маусымда Франция чемпионатында 31 матчта 16 гол салып, 16 нәтижелі пас берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама