×

Алматыда бірнеше көшелер бойынша жол жүрісі шектеледі

Тұрғындарға ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі

 Динара Амантай 29.05.2023 | 09:54
Фото: gov.kz

Алматы қаласында жылу желілерін қайта құрылымдау кезінде бірнеше көшелер бойынша жол жүрісі шектеледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

  • 29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында – Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша;
  • 31 мамырдан 1 тамызға дейін Жетісу ауданында – Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін;
  • 1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында – Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Сайын көшесіне дейінгі аулаішілік аумақ бойынша.

Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттері жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің өкілдері мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама