×

Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екені халықаралық деңгейде дәлелденеді

Биыл тамызда Женевада осы мәселе талқыға шығарылады

 Дәурен Ерболат 26.05.2023 | 17:30
Фото: ОКҚ

Қазақстан кинологтары одағы Бельгияға барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Одақ президенті Бауыржан Серікқали Тюэн (Thuin) қаласына барып, халықаралық кинология федерациясы (The Fédération Cynologique Internationale) басшылық құрамының өкілі Ив Де Клеркпен кездесті. Кездесуде ол Қазақстан кинологтар одағының Халықаралық кинология федерациясына мүшелікке өту туралы өтінішті ресми түрде тапсырды.

Биыл 21-22 тамызда Женевада (Швейцария) өтетін федерацияның бас ассамблеясында аталған мәселе қаралып, шешілуге тиіс.

Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық қауымдастық алдында дәлелдеп, ресми бекіттіру үшін алдымен осы рәсімді орындау шарт. Қайта жасақталған кинологтар одағы бірінші кезекте осы мәселені шешуге бел буып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ кездесу барысында ХКФ басшылығы Қазақстан кинологтары одағының қызметін жоғары бағалап, серіктестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама