×

Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-при кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін ол бірінші тақтада ақ фигуралармен Бела Хотенашвилимен кездеседі

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2023 | 12:38
фото: ашық дереккөз

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Никосия қаласында (Кипр) өтіп жатқан әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Жетінші айналымда 19 жастағы қазақстандық қыз қара фигуралар арқылы әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі, 12-әлем чемпионы, ресейлік Александра Костенюкті ұтты.

Осылайша, бұл жеңіс Бибісара үшін турнирдегі екі жеңіліс пен төрт тең ойыннан кейінгі алғашқы жеңісі болды. Қазір ол үш ұпай жинап, 12 қатысушы арасында 8-сатыда тұр.

Турнирде 5 ұпаймен неміс шахматшысы Динара Вагнер көш бастап келеді.

Бүгін 8-турдың матчтары өтеді. Онда Бибісара Асаубаева бірінші тақтада ақ фигуралармен Грузия өкілі Бела Хотенашвилимен кездеседі.

Ал Гран-придің төртінші кезеңі 27 мамырда аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама