×

БҚО-да блогер 7 жылға сотталды

Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

 Дәурен Ерболат 23.05.2023 | 15:39
Фото: uralskweek.kz

Оралда соттың үкімімен блогер Аслан Өтепов 7 жылға сотталды, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Биыл 24 наурызда Орал қаласының сотында блогерге қатысты сот отырысы басталған еді.

Былтыр 30 желтоқсанда Аслан Өтепов 300 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Келесі күні тергеу соты оны 2 айға қамауға алуға рұқсат берді.

Өтеповке алаяқтық жасады және пара берді деген айып тағылды. Оның мүддесін сотта Руслан Шағатбаев қорғады. Жәбірленушілер – Байсариева мен Павлов.

Бүгін қалалық сотта судья Роза Сариева үкімді оқыды.

Аслан Өтепова кінәлі деп танылсын. Оған 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынсын. Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылсын. Өтеповтен Байсариеваның пайдасына 900 мың теңге, Павловтың пайдасына 2 миллион теңге өндіріп алынсын, - деді судья.

Сотталушы Аслан Өтепов соттың үкімімен келіспейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама