×

Үндістандық лоукостер Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Осы арқылы әуе билеттерінің қолжетімділігі және бәсекелестікті арттырады

 Динара Амантай 22.05.2023 | 12:40
Фото: passionateinmarketing.com

Үндістандық «IndiGo» лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үндістанның «IndiGo» төмен бюджеттік әуе компаниясы 15 тамыздан бастап Дели-Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуды бастауды жоспарлап отыр. «IndiGo» әуе акомпаниясы – Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы.

 Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады. Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама үшін, «IndiGo» – Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және болатын 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама