×

Астанада үш көшенің жолы жабылады

Учаскелерде көлікке арналған қозғалыс толығымен шектеледі

 Динара Амантай 22.05.2023 | 11:14
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы 3 көшеде жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жұмыс Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.

Сол сияқты, Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.

Жоғарыда аталған учаскелерде көлікке арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама