×

СҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды

20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде тоғаннан табылды

 Халық үні 20.05.2023 | 19:45
Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында үйінен шығып кеткен 8-сынып оқушысының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

19 мамыр күні СҚО Жамбыл ауданының полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жастағы жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы телефон арқылы хабарлама түсті.

Полиция бөлімінің қызметкерлері құқық қорғау органдары мамандарынан, педагогтер мен жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтарын ұйымдастырды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.

«20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде тоғаннан табылды», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Олардың қорытындысымен түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама