×

Білікті адвокаттар қазақстандықтарға тегін көмектеседі – Антикор

Тұрғындар өздерін толғындарған сұраққа жауап таба алады

 Дәурен Ерболат 19.05.2023 | 17:30
Фото: Depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі қалаларда азаматтарды қабылдайды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Биыл 26 мамырда сағат 17:00-де агенттік қызметкерлері қазақстандықтарды қабылдайды. Қазақстанның білікті заңгерлері мен адвокаттары кез келген құқықтық мәселе бойынша кеңес береді. Ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз. Сонда мамандар сіздің сұрағыңызға толық және сапалы жауап береді, - деп жазылған хабарламада.

Азаматтарды қабылдау еліміздің барлық ірі қаласында өтеді. 

Тегін құқықтық кеңес мына бағыттар бойынша беріледі:

  • Азаматтық құқық және процесс;
  • Банк құқығы;
  • Атқарушылық іс жүргізу;
  • Неке-отбасы құқығы;
  • Мұрагерлік құқық;
  • Тұрғын үй құқығы
  • Еңбек құқығы;
  • Жер құқығы;
  • Қылмыстық құқық және тағы басқа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама