×

Молдова ТМД-дан шығуға әрекет етіп жатыр

Осының алдында ондаған келісімді бұзу туралы ұсыныс болған

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2023 | 13:32
фото: ашық дереккөз

Молдова билігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан шығуға әрекет ете бастады.

Молдова ТМД Парламентаралық ассамблеясынан шығатынын мәлімдеді. Бұл үдеріс қазірдің өзінде басталып кетті. Бұл туралы Молдова Парламентінің спикері Гросу айтты.

ТМД Парламентаралық ассамблеясынан шығуды Молдова Парламенті, билік партиясы мен президент Мая Санду қолдап отыр.

Осының алдында молдован елі ТМД аясында жасалған ондаған келісімшартты бұзып, 330 құжатты қайта қарау керектігін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама