×

ТМД-да интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан көш бастап тұр

Басқа елдермен салыстырғанда, айырмашылық айтарлықтай байқалады

 Еркеғали Болатұлы 19.05.2023 | 12:22
фото: time.kz

Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтады, деп хабарлады Finprom.

Қазақстан қазір ол жағынан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.

Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.

Жалпы, Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9% артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда, айырмашылық айтарлықтай байқалады, - делінген хабарламада.

Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама