×

Павлодар облысында кәсіпкер гранттың ақшасын 10 жыл бойы қайтармаған

11 жобаның 32,5 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2023 | 08:26
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында грант алып, жұмыс істемеген кәсіпкерлер 10 жыл бойы қаржыны қайтармаған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағыныш Нұркімбаев айтты.

Оның айтуынша, жыл сайын жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі. Грантты алып, кәсібін дамытып жатқандар да бар. 

Алайда бизнес жобаларын іске асырмағандар да кездеседі. Мысалы, бағдарлама басталғалы бері 578 млн теңгеге 171 грант берілген. Жобалардың 71%-ы бойынша қаржы игерілген. 14%-ы бойынша қаржы өз еркімен немесе күшпен қайтарылған. 

Барлығы 11 жобаның 32,5 миллион теңге қаржысы бюджетке қайтарылды. Одан бөлек, іске аспаған 9 жобаның 27 миллион теңгесін қайтаруға қатысы сот шешімі шықты. Үш жобаның қаржысын қайтару бойынша жұмыс басталды, – деді Сағыныш Нұркімбаев.

Сондай-ақ бір жоба бойынша іс сотта қаралып жатыр. Ол кәсіпкердің бизнесі іске аспай қалғанына 10 жыл болған. Бұл кәсіпорынның аты – «ЭкспертЕвропаСтандарт» ЖШС. Олар «еуро ағаш» шығару цехын ашу бойынша жоба ұсынған. Грант 2013 жылы берілген.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, кәсіпкер 10 жыл іздеуде болған.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама