×

«Ертіс» футбол клубы қайта құрылуы мүмкін

Ол – Қазақстанның 5 дүркін чемпионы

 Дәурен Ерболат 15.05.2023 | 17:43
Фото: prosports.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс» футбол клубын қайта құру мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасына жазды.

Бүгінде біз «Ертіс» ФК-ның болашағына қатысты 2 жолды көріп отырмыз. Біріншіден, 3,1 млрд теңге қарызы бар әрі банкроттық рәсімінен өтіп жатқан клубты оңалту.  Екіншіден, FIFA ережелері бойынша «Ертіс» ФК-мен аттас жаңа клуб құру. Оның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы 846 млн теңге берешекті өзіне міндеттеме ретінде қабылдау, – деп  жазды Асайын Байханов.

Кеңес қорытындысы бойынша спорт басқармасына 10 күн ішінде демеушілік қаражатты тартып, «Ертіс» ФК-ны жандандырудың жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Жоба мақұлданса, клубқа жергілікті ойыншыларды тартуға баса назар аударылады.

Еске сала кетсек, павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 2020 жылы таратылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама