×

Маусымда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

Маусымда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 9 күн демалыс, ал 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 5 демалыс күні бар

 Халық үні 15.05.2023 | 08:15
Фото: martebe.kz

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын атап өтеді. Биылғы Құрбан айт мейрамы 28 маусым, сәрсенбіге түсіп тұр.

Бұл айда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым күндері жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. 29, 30 маусым күндері қайта жұмыс істейді.

6 күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.

Осылайша, маусымда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 9 күн демалыс, ал 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 5 демалыс күні бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама