×

Ақ үй Қазақстанда туған Сәуле Омарованы лауазымды қызметке ұсынды

Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасына жетекшілік ететін тұңғыш әйел болуы мүмкін

 Халық үні 03.11.2021 | 17:14
Сәуле Омарова, фото: twitter.com/CornellLaw

Ақ үй АҚШ валюта басқармасының жетекшілігіне Сәуле Омарованы тағайындауды ұсынып, Сенатқа ұсыныс жолдады. Бұл жөнінде 2 қарашада Ақ үйдің баспасөз қызметінен хабарланды.

Егер Сенат оның кандидатурасы мақұлдаса, Сәуле Омарова АҚШ-тағы мыңнан астам банктердің қызметін реттейтін басқармаға жетекшілік етеді. Оған қоса, Сәуле Омарова басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ.

55 жастағы Сәуле Омарованың АҚШ валюта басқармасының жетекшісіне бас үміткер екені тамыздың басында белгілі болды.

Қазақстанда туып-өскен Сәуле Омарова LinkedIn-дегі профиліне сәйкес 2014 жылдан бастап Корнель университетінде заң факультетінің профессоры болып саналады. Ол криптовалюталарды сынаушы және Үкіметтің банк саласында әлдеқайда үлкен рөл атқаруын жақтаушы ретінде танымал.

2006-07 жылдары Сәуле Омарова бұрынғы президент Джордж Буштың жанындағы АҚШ Қаржы министрлігінде реттеуші саясат жөніндегі арнайы кеңесші болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама